Айдана Досқалиеваны зорлап өлтірген қаскөй ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдана Досқалиеваны зорлап  өлтірген қаскөй ұсталды

Айдана Досқалиеваны зорлап өлтірген қаскөй ұсталды

Ай өтіп ашылған қылмыс! Батыс Қазақстан облысының полицейлері 25 жастағы Айдана Досқалиеваны азаптап өлтірген адамды қолға түсіргендерін хабарлады. Ол марқұм қызды зорлап, артынан қылғындырып өлтіріп, су арнасына лақтырып жіберген болатын.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары күдіктіні табу үшін көп күш жұмсаған. 70 мыңға жуық адамнан жауап алыныпты. 2 жарым мыңдай ақ түсті «Жигули» тексерілген. Өйткені Айдана соңғы рет сондай көлікке мініп кеткен еді. Сөйтіп, жасы қырықтар шамасындағы күдікті ұсталды. Осыған дейін ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған екен. Әрі «қызды зорламақ болды» деген күдікпен жауапқа да тартылыпты. 8 жылын түрмеде өткізіп, кейін ағасының көлігімен жолаушы тасымалдаған. Тергеу мәліметі бойынша, күдікті Айдананы көлігіне отырғызып, сырт көзден таса жерге апарған. Сол жерде қызды зорлап, кейін қылғындырып өлтірген. Артынан денені суға лақтырып өзі біраз уақыт Астана қаласына бой тасалауға кетіпті. Кейін шу басылды деген оймен Оралға қайтып келгенде, оны полиция қолға түсірген.


Махамбет Әбисатов, БҚО ІІД бастығы:

-Өзіміздің облысымыздың азаматы жергілікті тұрғын. Ұсталып қазір қамауға алынды. Оның қылмысқа қатысы барын бірнеше куәгерлердің көрсетуімен дәлелденіп отыр.