Оның айтуынша, кадрдан тыс видеоларды телеарна қызметкерлері таратып жіберген. "Қандай мақсатпен жасалғанын білмеймін, мүмкін адамның артынан күйе жағу, сынау, аяқтан шалу…?" деген әнші өзінің видеосын таратқан жандарды жақсы болуға шақырып, күрсінді.
Оның видеосын көрген желі қолданушылары әншілігінен бөлек сұлулығына тәнті болатын Айданаға ешкім тиіспесе екен деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.