Айдана Меденованың күйеуі: Ол мен ойлағандай қыз болмады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдана Меденованың күйеуі: Ол мен ойлағандай қыз болмады

Айдана Меденованың күйеуі: Ол мен ойлағандай қыз болмады

Айдана Меденова мен жолдасы Әлішер Нұржанов “Love story” түсіріп, бір-бірі туралы айтып берді.

  • 28 Қазан 2016
  • 3115
Фото - Caravan.kz

Жолдасы Айдананы қатты жақсы көргенін, қарату үшін түрлі романтикалық әрекет жасағанын айтты. Мұнымен қатар, оның мінезінің өзі ойлағаннан ұяң болып шыққанын тілге тиек етті. Бұл туралы “Гәкку” арнасының сайтында жазылды.

Бастапқыда Әлішер Айдананың мінезінің тұйық екенін білмеген. Тіпті, әншінің одан қашып жүрген кездері болған екен. Айдананың өзі де Әлішерді ағасындай көргендігін айтады.

“Танысқанымызға дейін мен ол туралы жалпы ақпараттарды ғана білетінмін. Қателеспесем, ол сол уақытта 20 жаста болды. KeshYou тобының құрамында ән салып жүрді. Бастапқыда ол менің болашақ жарым болуы керек деген ой болмады. Танысқан соң Айдананың ұяң қыз екенін білдім. Шынымды айтсам, мінезі тым ұяң деп ойламадым. Кездесуге себеп іздеп, түрлі гүл жіберіп тұрдым. Біз қосылған кезде біреу жылады, біреу күлді. Бірақ туған-туысқандарымның ішінде қарым-қатынасымызға қарсылық танытқан ешкім болмады. Оның бойында жасандылық сынды қасиет мүлдем жоқ. Керісінше, ақжарқын, ақкөңіл адам.

Тек болмашы дүниеге бола ренжіп қалатыны ұнамайды. Үйдегі азық-түлікке толығымен Айдана жауап бермейді. Өйткені, ол гипермаркетке барып, ауыр азық-түлікті жалғыз өзі көтеріп келе алмайды. Екеуіміз қатты ренжісетіндей шатақ мінезді адам емеспіз. Ыдыс-аяқ лақтырмаймыз. Ренжіссек, біраз уақыт өткен соң, біртіндеп сөйлесе бастаймыз”, – дейді Әлішер Нұржанов. Басқа бөлмеде отырып сұхбат берген Айдана Меденова да жолдасы туралы айтып берді. Әнші оның бойынан бір мін таба алмағанын тілге тиек етті.

“Бастапқыда ұнаттым, бірақ ағам ретінде ғана қабылдай алдым. Ортақ досымыз оны маған, мені Әлішерге мақтай беретін еді. Бірнеше жыл қатарынан оны тек сырттай біліп жүрдім. Жасы үлкен болғандықтан, әйелі бар шығар деп ойладым. Әдетте мен өзіммен жасты адамдарды ғана болашақ жарым ретінде қабылдайтынмын. Қазіргі таңда адамдар әртүрлі. Сол себепті, мен кез келген адамның сөзі емес, іс-әрекетін бағалаймын. Бастапқыда Әлішер менің бөлмемді гүлмен безендіріп, маған түрлі сыйлық жолдап жүрді. Шынымды айтсам, мұның бәрі құпия тыңдарманымнан келіп жүр деп ойладым. Әлішер өте мейірімді, маған ұшуға мүмкіндік беріп, шабыттандырып отырады.


Мен мүлдем түсіне алмайтын салаларға қатысты кеңес  береді. Оның жаман тұстарын айта алмаймын, өзім үшін мінсіз секілді. Сіз сұрап отырған азық-түлік мәселесіне өзімнің жауап беруім керектігін білемін. Өкінішке орай, бұл “тапсырманы” толықтай орындай алмай жатамын. Дүкенге барсам да, пакеттердің барлығын Әлішер көтеріп келеді. Отбасылық қаражат туралы да Әлішер көбірек ойланады. Мінезім қызуқанды болғандықтан, көп жағдайда мен кінәлі боламын. Соның өзінде Әлішер бірінші болып достасуға әрекет жасайды”, – дейді Айдана Меденова.

Отандық бағдарламалардың бірінде Айдана Меденова жолдасының бұрын бір рет үйленгенін, осы некесінен оның екі баласының бар екенін айтқан. Мұнымен қатар, әнші оның балаларын туған баласындай, қызының қамқор ағаларындай жақсы көретінін де жасырмады.