Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші бірінші некеден туған қызымен араласып тұратынын, бірақ алғашқы әйелімен толықтай байланысты үзіп, оны "танымайтынын" айтып, оған қатысты сұраққа жауап бергісі келмеді.
"Кім алғашқы жарым? КІм ол Раушан деген? Танымайды екенмін. Бұл мәселелерді біз қазір көп қозғамаймыз, мүлдем қозғамаймыз. Ол кісінің қазір өз отбасы бар деген сияқты. Сондықтан бұл мәселені сызып тастай салайық. Ортамызда қызым бар. Қызыммен жақсы араласамын. Қызым өзімнің ұрпағым. Үнемі хат жазысып тұрамын. Үнемі жаңа шыққан видеоларымды жіберіп тұрамын. Ол Алматыға келеді, қолымнан келгенше жақсылық жасауға тырысамын. Бірақ, Алла нәсіп қылса бәрі жақсы болады", — деп сөзін аяқтады Айдар Тұрғамбек.