Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Жаңа клиптегі образын желіге жүктегені сол еді, Айдардың оқырмандары дәл осындай жағымды пікірлерді жарыса жазды. Иә, әншіні «Жігіттердің» құрамынан көріп, көзі үйренген тыңдарманның таңырқауы да орынды шығар. Өйткені, түсірілім тобының да мақсаты серіні тың стилде таныстыру болған…
“Түсірілім тобы, режиссер топтан басқа нәрсе істегісі келді. Өзі басында айтты мен топтағыдай Айдарды емес, басқа Айдар қалаймын деді. Содан кейін, мен бірден келістім. Өйткені, басқаша нәрсе маған да ұнайды. Жаңа нәрсе”, – дейді Айдар Тұрғанбек.
Айдардың жаңаша образы «Жігіттер» тобының өзге әншілерін де бей-жай қалдырмаған.
“Дұрыс көрсету керек, көріну керек клипке түскеннен кейін. Енді «Жігіттерде» жүргенде де жаман киінген жоқ Айдар әрине. Бірақ, өзі арнайы стилистермен ақылдасқан болуы керек. Стилистер айтқан болуы керек. Шамасы соның кеңесімен киініп шықты”, – дейді Ердос Қанаев.
Айдар жеке бейнебаяны арқылы отбасы құндылығын сақтап қалудың түрлі жолдарын насихаттауды көздейді.
“Отбасын сақтау, отбасыға азғантай болса да ой салатын нәрсе істегім келді. Қазіргі қоғамдағы үлкен проблеманың алдын-алу ғой енді. Кішкентай болса да әсерімізді тигізу!” – дейді Айдар Тұрғанбек.