Айдын Айымбетовты туған ағасы мен ұлы күтіп алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдын Айымбетовты туған ағасы мен ұлы күтіп алмақ

Айдын Айымбетовты туған ағасы мен ұлы күтіп алмақ

Қазақстандық Айдын Айымбетовты Жерде «Қазғарыш» өкілдері мен туған ағасы және ұлы қарсы алады. Айта кетейік, ғарышкерлер 12 қыркүйек күні таңғы 07:00-де Жезқазғанның оңтүстік шығысынан 146 шақырым жерге қонады деп күтілуде.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 571
Фото - Caravan.kz

Осыған орай бүгін Қарағандыда «Союз» кемесін күтіп алуға қатысты шаралар пысықталды. Ал халықаралық экипаж құрамында ресейлік Геннадий Падалка, даниялық Андреас Могенсен және қазақстандық Айдын Айымбетов бар. Жиында ғарышкерлердің қонуына барлық жағдай жасалынғаны айтылды.

Жезқазған өңіріне қонған соң ғарышкерлер елордамыз Астанаға жол тартады, деп жазады 24.kz.

«Президент экипажды өзі қарсы алам деп тілек білдірді. Соған байланысты аздап өзгеріс енді. Кеменің қонған жерінен Астанаға дейін жетуге екі сағат он минут уақыт кетеді», — деді РФ әуе транспорты агенттігі басшысының орынбасары Александр Ведерников.


Соңғы жаңалықтар