Әйел күйеуіне шаң жуытпау керек - Қабылбек Әліпбайұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйел күйеуіне шаң жуытпау керек - Қабылбек Әліпбайұлы

Әйел күйеуіне шаң жуытпау керек - Қабылбек Әліпбайұлы

Белгілі уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы ерлі-зайыптылар арасындағы шиеленістің қалай шешілу керегін айтты. 

  • 14 Наурыз
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Уағызшының айтпағы ерім деп әйелі бір саты жоғары ұстап, ер-азамат әйелін алақанында аялау керек. 

Екеуі бір командада болу керек. Жұбайы кім не айтса да күйеуіне, арыстанына шаң жуытпау керек. Олардың арасына ешкім кіре алмау керек. "Бәсе, өзім де күмәнданып жүр едім. Кейінгі кезде өзгеріп жүр", деп өсекшілер командасына өтіп кетсе, ол жақсылыққа бармайды. Жарайды, енді әйел солай өсекшілерге еріп кетсе, күйеуі оны туралау керек. Жұбайын көлігіне отырғызып алып, киноға барып, кафеге барып, бірге ас ішіп, жай сөйлесу керек,

деп отбасы құндылығымен бөлісті. 

Оқырмандар түрлі ойларын жазды: "Осы айтқандарын өздері істей ма екен", "Соны керісінше күйеуге айтуға бол ма?", "Күйеуі қандай, соған байланысты".