Ол бұл туралы журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Отбасына жауапкершілік 50/50 болу керек. Тұрмыстық мәселелер 50/50 шешілу керек. Біздің қазақтың отбасында екеуі де жұмыстан келеді. Күйеуі телефонда отырады. Әйелі тамақ істеп жатады. Ана жақта бала жылап жатыр. Бұл әділетті емес. Бірге істе! Бізде күйеуіміз екеумізде мынадай үйге кім бірінші келеді сол тамақ істейді. Келісім сондай. Қазір үлкен ұлымыз тамақ істеп үйреніп алды. Біз келгенше тамақ істеп қояды. Екі ұлым бар. Екеуін де тұрмыстық мүгедек қылмауға тәрбиелеп жатырмын.
Біз үйді бірге жинаймыз. Мен үй жинаймын олар диванда телевизор көреді деген ұғым жоқ.
Шетелде әйелдің еңбегін бағаламай қою деген жоқ. Сондықтан да оларда экономика дамыған.
Бүкіл жұмыс әйел адамға артылып,ол жұмыс үшін ақы алмауы — мәселе. Үйге азық түлік алу есептелмейді. Егер үйге бала күтуші, тазалаушы алатын болсаңыз кемі отбасылық бюджеттен 800 мың теңге кетеді. 800 мың теңге әйеліңе беріп жатсың ба? Ешкім беріп жатқан жоқ. Әйел робот емес", — дейді ол.
Сондай-ақ кедей отбасынан шыққан балаларға қатысты бұрын да айтып жүрген ойын тарқатып берді. "Кедейлердің балалары түрмелерді толтырады" дейді ол.
"Кедей отбасынан шыққан бала өзіне сенімсіз. Үлкен өмірге барғанда жұмыс істей ала ма? Ол агрессияға толы болады. Ол байларды жек көреді. Мына жылтыраған өмірде ұрлыққа барады.
Байқасаңыз үйі кішкентай адамдың үйінде ұрыс көп болады. Үйі кең үйде ұрыс аздау. Себебі ешкімнің көз алдында көлбеңдеп жүре бермейсің. Жеке кеңістігің болады. Қарапайым нәрсе ғой" деген ол.