Чемпионатқа еліміздің әр түкпірінен 206 спортшы қатысып жатыр. Ең көбі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысынан. Ақмола облысынан 20 боксшы әйел келіпті Қатысушылар арасында Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары — Саида Хасенова, Марина Вольнова, Елена Кольцова және Көкшетау спортшысы Мөлдір Базарбаева бар.
Жарыс Көкшетаудағы Қажымұқан атындағы спорт кешенінде жазғы 3-ші спартакияда аясында өтуде. Жарыс 6 күнге созылады.