Әйелдер арасында еркін стильдегі шаңғы жарысында Оңтүстік Корея топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер арасында еркін стильдегі шаңғы жарысында Оңтүстік Корея топ жарды

Әйелдер арасында еркін стильдегі шаңғы жарысында Оңтүстік Корея топ жарды

7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматыдағы Шаңғы-биатлон кешенінде әйелдердің еркін стильдегі шаңғы жарысы аяқталды. Онда қазақстандықтар жүлделі орындарға іліге алмады.

  • 2 Ақпан 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

10 шақырымдық қашықтықтағы шаңғы жарысында 36.34.6 уақыт көрсеткішімен Оңтүстік Корея спортшысы Чае-Вон Ли топ жарды. Жапон атлеті М. Ишида мәре сызығын екінші болып кессе, тағы бір жапон қызы Юки Кобаяши қола жүлдегер атанды.

Бұл сайысқа Қазақстан атынан қатысқан Елена Коломина мен Светлана Малаховалар 5 және 6 орындарға тұрақтады.

Бұл кешенде енді шаңғы жарысынан еркін стильде ерлер арасындағы бәсеке басталады. Оған жерлестеріміз Николай Чеботько мен Сергей Черепанов қатысатын болады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера