Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда сегіз пайызға дерлік. Сарапшылар мұны әйелдердің ерте жүктілікке асықпайтындығымен байланыстырады. Бұл көрсеткіш бойынша 28 жасқа қарай балалы болғанды жөн санайтын алматылық әйелдер көш бастап тұр.
Ал Түркістан облысының тұрғындарын ең жас аналар деуге болады. Көбіне босанатын әйелдердің жасы 22-де. Сарапшылар тіпті бұл құбылысқа атау берген – ана болуды кейінге қалдыру. Өзі үшін өмір сүруге, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге және өзін тұлға ретінде дамытуға ұмтылу. Дегенмен, оңтайлы кезеңді күтумен көптеген әйел бірқатар проблемаларға тап болуды.
“Сонда ол 1-2 рет босанады екен. Енді міне, өркениеттің жаңа аурулары пайда болды. Эндометриоз, жатыр миомасы, сүт безі қатерлі ісігі. Бұл сирек босанумен туындайтын аурулар”, – дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.
Әйел жүктілікті неғұрлым ұзақ уақытқа кейінге қалдырса, оның толық дені сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі соғұрлым азаяды, дейді мамандар.
Мәселен, статистика бойынша мың адамға шаққанда 20 бала дүниеге келсе, оның сегізі, өкінішке қарай, бір жылға дейін өмір сүрмейді. Бүгінгі таңда нәресте өлімі төрттен бір пайызға өсті. Ал бұл, әлеуметтанушылар пікірінше, демографиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Балалы болуды кешіктірудің басқа себептеріне баспананың жоқтығы, тұрақты табыс, тіпті бағаның өсуі жатады.
“Жастар отбасын кеш құрады, сондықтан бала туу көрсеткішіміз біраз уақытқа 5-10 жылға артқа қалды. Бұл процесс тұрақты болмайды. Ол 20 жылдан кейін халқымыздың толығуына әсер етеді.
Кеш жүктіліктің өз артықшылықтары бар. Ересек ата-аналар балаларды есейген шағында жоспарлағанда тәрбие мәселесіне саналы түрде, өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып қарайды. Ал бұл дені сау ұлтты қалыптастырудың негізгі факторы”, – дейді Әлеуметтану ғылымдарының докторы Мәнсия Садырова.