13 мемлекеттің спортшылары қатысатын бұл бәсекеде әйелдер құрамасының бас бапкері Саржан Жақсыбеков Қазақстан намысын қорғауда әр салмақта бірнеше балуандарға үміт артып отыр. Онда өз салмақ санаттары бойынша Элеонора Әбутәліпова мен Жұлдыз Әшімова, Гүлмира Ысқақова мен Айжан Ысмағұлова, Айым Әбділдина, Меруерт Дынбаева мен Жулия Сатымбекова, Ольга Калинина, Татьяна Захарова, Эльмира Сыздықова күреспек. Олар соңғы оқу-жаттығу жиынын 10-24 қаңтарда Қарағандыда өткізген болатын. Красноярскіде бұл додада 27 қаңтар күні 51, 59, 67 келідегі балуандардың жеребесі тартылып, негізгі белдесулер жұма күні өтеді. Ал қалған балуандар сенбі күні сайысқа түседі.