Әйелдер зорланса да, бәрібір - Баян Есентаева Қайрат Нұртастың фильмі туралы пікір жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер зорланса да, бәрібір - Баян Есентаева Қайрат Нұртастың фильмі туралы пікір жазды

Әйелдер зорланса да, бәрібір - Баян Есентаева Қайрат Нұртастың фильмі туралы пікір жазды

Атышулы продюсер Қайрат Нұртастың фильміне қатысты пікір білдіріпті. 

  • 16 Қазан 2017
  • 7470
Фото - Caravan.kz

Қазір отандық кинотеатрларда Қайрат Нұртастың «Арман» деген фильмі жүруде. Айта кетейік , осы фильмде Қайрат жылдап жұрттан жасырып келген жұбайын да таныстырған-тұғын.

Жұртшылықтың сыны астында қалған бұл кинотуындыға қатысты Баян келесідей пікір қалдырды:

“Шыны керек, өмірімде алғаш рет экраннан өмір шындығын тамашаладым. Жоқ, рас. Бұл таза өмір шындығы! Біздің елімізде нәзік жанды қауым зорланса да, полиция бұған көз жұма қарайды, байлардың балалары ешқандай заңды елемейді. Қалтаңда ақшаң мен жоғарыда танысың болмаса, түрмеге отыруың мүмкін. Иә, бұл шындық! Бірақ бұл жайлы айту қазақстандық қоғамға жат нәрсе, алайда Қайрат мұны жасады! Айта алды! Билет сатып алып, ақиқаттың бетіне тура қараңыздар!”.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жазды. 

Біз болсақ, Сіздерді атышулы фильм туралы жаңа жайттармен хабардар етіп отырамыз.