"Әйелдерді алалаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияға" қатысты Қазақстанның баяндамасына балама баяндама жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйелдерді алалаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияға" қатысты Қазақстанның баяндамасына балама баяндама жасалды

"Әйелдерді алалаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияға" қатысты Қазақстанның баяндамасына балама баяндама жасалды

"Әйелдерді алалаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияға" қатысты Қазақстанның баяндамасына балама баяндама жасалды. Баяндама БҰҰ комитетінің отырысында қаралады. Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында феминистік лиганың президенті Евгения Козырева құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2004
  • 791
Фото - Caravan.kz

Е.Козыреваның айтуынша, 2004-жылдың тамыз айында еліміз «Әйелдерді алалаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияға» қатысты Қазақстанның кезекті ұлттық баяндамасын ортаға салуы тиіс. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, БҰҰ-ның арнаулы комитетінің отырысында баяндаманың ұлттық (мелмекеттік көзқарас тұрғысынан әзірленген) және балама (азаматтық қоғам өкілдерінің көзқарасы) нұсқалары біруақытта қаралады.

Е.Козыреваның айтуынша, «балама құжаттар дегеніміз — ресми мемлекеттік есеппен бір уақытта үкіметтік емес, бейресми ұйымдар дайындаған құжаттар. Бұл баяндамалар елдің халықаралық келісімдерді орындауына бейресми ұйымдар тарапынан тиімді мониторинг жүргізу процессіне нақты және стратегиялық тұрғыда өзіндік үлес қосуға қызмет етеді».
Балама баяндама жобасын жасауға БҰҰ-ның әйелдер мәртебесі жөніндегі арнаулы комитетінің 2001-жылғы қаңтар айындағы нұсқауы түрткі болды. Балама баяндамаға аталмыш нұсқаудың орындалуына жүргізілген мониторинг қорытындысы енгізілді. Баяндама ресми статистикалық мәліметтерге, тәуелсіз зерттеулер қорытындысына, қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамалар мен бейресми ұйымдардың ақпаратына негізделген. Балама баяндама жобасын әзірлеу жұмыстары Femline деп аталатын электронды желі арқылы жүзеге асырылды.
Алматыдағы әйелдердің ақпарат орталығының директоры Гүлсара Тіленшиеваның айтуынша, баяндамаға арнап мәліметтер жинау жұмысына Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әйелдердің үкіметтік емес 11 ұйымы белсене атсалысты. Олар Қазақстанның бастапқы есеп бойынша берілген нұсқауларды орындауына қатысты проблемаларды талқылап, мемлекеттік және азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс істеу әдістемелерін айқындады.
Г.Тіленшиеваның айтуынша, «Әйелдерді алалаудың барлық түрлерін жою туралы Конвенцияға» қатысты Қазақстанның баяндамасына балама баяндама орыс және ағылшын тіліндегі жеке басылым түрінде жарық көріп, БҰҰ-ның әйелдер мәртебесі жөніндегі арнаулы комитеті Ұлттық баяндаманы талқылау барысында ұсынылады.

Перейти к новостям спорта