Әйелдерді зорлайтын қаніпезер пайда болды: Алматы облысында ер адам жесір әйелді балаларының көзінше зорлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдерді зорлайтын қаніпезер пайда болды: Алматы облысында ер адам жесір әйелді балаларының көзінше зорлап кеткен

Әйелдерді зорлайтын қаніпезер пайда болды: Алматы облысында ер адам жесір әйелді балаларының көзінше зорлап кеткен

Алматы облысында ер адам ауылдағы жалғызбасты әйелдің үйіне басып кіріп, түн ішінде зорлап кеткен.

  • 8 Маусым 2018
  • 164
Фото - Caravan.kz

Оқиға Жамбыл ауданының Шиен ауылында болған. Жәбірленшуі Әйгерім есімді келіншектің айтуынша, 2 жыл өткенімен полицейлер істі жүргізбей отыр, деп хабарлайды stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. 

Айтуынша, бетперде киген ер адам есікті бұзып кіріп, ішінен кілттеп алған. Әйгерімді мойнынан қылқындырып, “балаларың мен басыңның амандығы керек болса, дыбысыңды шығарма” деп қорқытқан. Ол екі жылдан бері ешкімге ұстатпай жүрген көрінеді.

“Мен қанша милиция шақыртып, прокуратураға да звондадым. Әй менің результатым не боп жатыр дегенде әне шығады, міне шығады телефонды алмайды звондағанда”, – дейді Шиен ауылының тұрғыны Әйгерім.

“Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы Шиен ауылына жіберілді. Қазір бүкіл қылмыстық істер ашылмаған зорлық болсын, ұрлық болсын қазіргі кезде облыстық департаменттің бақылауында”, – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

Ауыл тұрғындары белгісіз ер адамның  жалғыз келіншектердің үйіне түсуді әдетке айналдырғанын айтады.


“Отпечатка бәрі қалды. Олар қараған да жоқ. Базада ондай жоқ деп. Жүрді-жүрді, кетті бітті. Өздерің табасыңдар деді”, – дейді Шиен ауылының тұрғыны Феруза Бүркітбаева.

“Милициялардың өздері айтты. Енді бұлар маскасын біреу шешеді. Сосын біреуді бауыздайды деді. Сол кезде бұлар ұсталады деді. Онда ауылда осы біреудің өлгенін күтіп отырайық енді”, – дейді Шиен ауылының тұрғыны Альфия Нұрсапанова.