Әйелдерге автокөлік жүргізуге болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдерге автокөлік жүргізуге болмайды

Әйелдерге автокөлік жүргізуге болмайды

Сауд Арабиясында тәртіп сақшылары автокөлік жарысына қатысқаны үшін 16 әйелге айыппұл салды.

  • 29 Қазан 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

muslim.kz хабарлауынша, Эр-Рияд полициясының баспасөз қызметінің өкілі полковник Фауаз Миманның айтуынша, олардың әрбіреуі 80 доллардан айыппұл төлеген. Бұған қоса, полиция қызметкерлері олардан көлік жүргізуден бас тартқаны туралы акті толтыртып, ал күйеулерін автокөліктің кілтін әйелдеріне ұстатпауға міндеттегенін жеткізді.

Бұл елде 1990 жылдан бастап әйелдерге автокөлік жүргізуге тыйым салынған. Дегенмен, бұл тыйым заңмен бекітілмеген. Ал бұл тыйымға «пысқырмаған» әйелдерді ресми түрде жазалайды. Мұндай шара 1999 және 2011 жылдары жүргізілген еді. Соңғы уақытта аталмыш тыйымның күшін жоюды әйелдермен қатар ерлер де талап етіп отыр.