Әйелдерге бизнес пен саясатта көшбасшылық позиция алуына мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдерге бизнес пен саясатта көшбасшылық позиция алуына мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалуда

Әйелдерге бизнес пен саясатта көшбасшылық позиция алуына мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалуда

Қазақстан әйелдерге бизнес пен саясатта көшбасшылық позиция алуына мүмкіндік беретін бағдарлама дайындап жатыр, деп ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

  • 7 Маусым 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«ҚР президенті Назарбаев қазір әйелдерге бизнес пен саясатта және азаматтық қоғамда көшбасшылық позиция алуына мүмкіндік беретін бағдарлама дайындап жатыр»,- деді ол сейсенбі күні Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында (ДИЭФ) сөйлеген сөзінде.

Премьер Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап «әйелдер қоғамда маңызды рөл атқарып отырғанын» атап өтті.

«Статситика көрсетіп отырғандай, олар біздің ІЖӨ-ге шамамен 30% қосып отыр. Бұл үнемі артып отырған цифр… Бұл дегеніңіз біздің Еуропалық одақтағы Франция мен Италия сынды 12 елмен тең тұрғанымыздың көрінісі», — деп қосты К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар