Әйелдің құқығы қорғалу үшін билік басына әйел келу керек пе? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдің құқығы қорғалу үшін билік басына әйел келу керек пе?

Әйелдің құқығы қорғалу үшін билік басына әйел келу керек пе?

Белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек нәзік жандылардың құқығы қорғалмай жатқанына ашынды.

  • 19 Сәуiр 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Әйелін екі қызымен тірідей өртеп жіберу, бұл не деген қараңғылық?
Нәзік жандылардың құқығы қашан қорғалады?
Отбасы шайқалса, әйел кінәлі, күйеуі ішіп кетсе әйел кінәлі, қыз туса әйел кінәлі, зорланса да әйел кінәлі етегін жинап жүрмейді ме дейді!
Сонда біздің қазақтың ер азаматтары сүттен ақ, судан таза ма?
Оралда орын алған оқиға, ішіп келіп ұрып соққан, көлігінің алдына салып қуған, тепкілеген қорлаған. Бір қызығы бәрін көршілері , полиция қызметкерлері, туысқандыры білген, бірақ ешқандай шара көрмеген!
Әйелі кінәлі, анау екі періште неге кінәлі болды екен?
Құдай біледі "отбасыңды сақтап қал, қайтып келсең ұят болады"- деген сөзге бола үндемей жүрген шығар!
Қазақ қыздарын "еркектен бір саты төмен бол"- деп тәрбиелейді барлық үйде! Бір саты төмен болу деген құл болу емес шығар, оның ұрған соққан қорлығын көтеретін!
Қазақ қыздарының құқығы қашан заңды және рухани тұрғыда қорғалады?
Біздің ер азаматтар шынында әлсіз болып кеткен бе?
Әлде кейбір мұсылман елдеріндегідей әйелдер білім алмай үйде отырып құл болғаны керек пе? Керек емес кезде өлтіре саласың немесе өртей саласың!
Әрине барлығы демеймін, бірақ қазақ әйелдерінің жалғыз бала бағып жүргендері, таяқ жеп қорланып жүргендері көбейіп кетті!
Әйелдердің құқығын қорғауды күшейту керек", — деп жазды ол.