Әйелдің тұрмысқа шығу туралы ойы мен шешіміне сағат тықылы әсер етеді екен - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдің тұрмысқа шығу туралы ойы мен шешіміне сағат тықылы әсер етеді екен

Әйелдің тұрмысқа шығу туралы ойы мен шешіміне сағат тықылы әсер етеді екен

АҚШ ғалымдарының зерттеу нәтижесі бойынша, сағаттың жүрісін естіп отырып ойланғанда әйел тұрмысқа шығуға дайын болады екен, деп жазады «Росбалт». 

  • 18 Тамыз 2014
  • 722
Фото - Caravan.kz

Сағаттың жүрісіне мән берген кезде әйелдер көбіне тезірек тұрмысқа шығып, балалы болуды еріксіз ойлап кетеді. Оны АҚШ ғалымдарының эксперименті дәлелдеді.

Myjane.ru. сайтының жазуынша, ғалымдар сынағына 59 адам қатысқан. Ішінде ерлер де, әйелдер де болған. Тапсырма бойынша, олардың барлығына қашан тұрмыс құрғысы келетіні туралы ортақ сұрақ қойылады. Бірақ, алғашқысында олар тып-тыныш бөлмеде отырып ойланса, сынақтың екінші кезеңінде бөлмеге сағат әкелініп, оның жүрісін естіп отырып ойлану керек болады.

Арнайы сынақ жүргізген зерттеушілер сағат жүрісінің дыбысы қатысушылардың барлығына әсер еткенін айтады. Сағат жүрісі оларды қатты ойландырғаны соншалық, алдыңғы сынақтағыдай екі ойлы қылмай, ертерек отбасын құру керек деген шешімге келтірген.

Әсіресе, сағат әйелдер шешіміне айтарлықтай ықпал еткен. Олар сол сәтте тұрмысқа шығып, балалы болуға дайын екенін түсініп қана қоймай, ұсыныс болса, шешім қабылдауға әзір да болған.


Ал ер адамдар ертерек үйлену керек екен деп қана ойлаған, деп жазады шетелдік БАҚ.