Қоғамдық көлік жолаушылары жүргізушінің бұл әрекетін байқап қалған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Аталмыш видео желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда автобус жүргізушісінің порно видео көріп отырғанын көруге болады.
Жазба авторы: «Ағамыздың уақыты жоқ қой» деген қысқа ғана жазба қалдырған.
Сонымен бірге онда автобуста 20 жолаушы бар екені айтылады.
Желі қолданушылары көлік жүргізушісін сынай жөнелді.
«Ұятай! Әйелі мен акимат қайда қарап отыр», «Әйтеуір жумысқа келіп кетіп жүрген біреу. Көпшілік орында біреу-міреу көреді деп ойламай ма екен?», «Айыппұл төлету керек» деп жазды олар.
Әзірге аталған оқиға қай автобуста орын алғаны белгісіз.