Әйелім деп жүргені еркек болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелім деп жүргені еркек болып шықты

Әйелім деп жүргені еркек болып шықты

Бельгияның егде тұрғыны өз әйелінің бұрын ер адам болғанына көз жеткізді.

  • 28 Қараша 2012
  • 525
Фото - Caravan.kz

Олар 19 жыл бойы жұп болып өмір сүріп келген.

Nieuwsblad басылымының хабарлауынша, Ян некелескен кезде — 44-те, ал Моника (аты -жөндері өзгертілген) 27 жаста болған. Моника Янның ауру әпкесіне медициналық көмек көрсетіп жүрген. Әйелінен ажырасқаннан кейін бельгиялық Моникамен көңіл жарастырады. Балаларының болмағанына қарамастан, Ян өзінің некесін бақытты деп санап келіпті. Соңғы кезде Мониканың мінезі өзгере бастаған. Қысқа юбкамен, топикпен түнгі клубқа жиі баратын әйелінің еркекшора екені туралы өсек тарайды. Жуырда әйелімен ашық әңгімелескен кезде Моника бұрын өзінің жігіт болғанын, кейін жынысын ауыстырғанын мойындады. 64 жастағы еркек «әйелінің» өзін алдап келгеніне төзе алмай, оны сабап тастаған. «Мен бұл жайтты ешқашан кешірмеймін. Мұндай шоктан арылу үшін маған дәрігердің көмегі қажет»,-дейді Ян.

Ақпарат көзі: «Алаш айнасы» газеті.