Әйеліммен ажырастым: Жұбаныш Жексенұлы бейтаныс бойжеткенмен түскен суретін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйеліммен ажырастым: Жұбаныш Жексенұлы бейтаныс бойжеткенмен түскен суретін жариялады

Әйеліммен ажырастым: Жұбаныш Жексенұлы бейтаныс бойжеткенмен түскен суретін жариялады

Әнші Жұбаныш Жексенұлы 27 жыл отасқан жарымен ажырасқанын мәлімдеді. Ол желіде бейтаныс арумен бірге түскен суретін жариялап, сынға ұшырады.

  • 8 Маусым 2018
  • 1956
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Әнші есімі белгісіз арумен құшақтасып түскен суретін жариялап, жүректің белгісін қойған. Алайда теріс қарап тұрғандықтан, қыздың жүзін көре алмаған жұрт оны әншінің келіншегі деп болжаған.

“Дина ма?” деп сұраған желі қолданушысына ол: “Жоқ, Динамен ажырастық”, деп жауап берген.

Бұл орайда желі қолданушылары өнер адамдарының махаббатқа келгенде тұрақсыз екенін айтып, ашынуда.


“Жұлдыздардың әйелі болу қиын шығар. Бұлардың әйелі болу үшін басқаға кетіп қалмайтындай жүз есе жан-жақты болу керек шығар. Жай адамның өзі қуғынбай қазір,бұл жұлдыздар жүз есе қуғынбай шығар. Бұл ағайдың әндері, даусы керемет бірақ, жеке өмірінде шаруамыз қанша”, – деп пікір білдірді Амандықова есімді желі қолданушысы.

Айта кетейік, жуырда Жұбаныш Жексенұлы ұлын үйлендіріп,итальяндықтармен құда болған еді.