Әйелін өлтіріп, балаларын жарақаттаған Ақтөбе облысының тұрғыны артынан өзіне-өзі қол жұмсады - полиция - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелін өлтіріп, балаларын жарақаттаған Ақтөбе облысының тұрғыны артынан өзіне-өзі қол жұмсады - полиция

Әйелін өлтіріп, балаларын жарақаттаған Ақтөбе облысының тұрғыны артынан өзіне-өзі қол жұмсады - полиция

Ақтөбе облысының Мартық ауданында 16-қарашаға қараған түні адам өлімі шықты. Полицияның жорамалы бойынша, әйелін өлтіріп, балаларын жарақаттаған отағасы артынан өзіне-өзі қол жұмсағанға ұқсайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қараша 2004
  • 448
Фото - Caravan.kz

40 жастағы еркек пен оның жұбайының мәйіттері аудан орталығындағы бір үйден табылған. Сот-медициналық сарапшылар әйелдің денесінен көптеген пышақ іздерін тапты. Ал үйдің қожайыны асулы тұрған жерінен табылды. Бірақ оның ағзасынан зорлық-зомбылық іздері байқалған жоқ. Отбасының 13 жастағы ұлы мен 9 жастағы қызы ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілді. Балалардың денесінен пышақ іздері, буындыру белгілері мен сансыз көп гематомалар табылды.

Полициядағылардың жорамалына сүйенсек, әйелін өлтірген күдікті деп саналған отбасының отағасы өз қолымен балаларды өлтіруге әрекет жасаған сыңайлы. Ал көрші-қолаңдары бұл отбасын ың-шыңсыз, жағдайлы отбасы ретінде сипаттайды.
Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қайғылы оқиғаның бірден-бір куәгерлері болып табылатын балалармен қазір облыстық ІІБ-ның психологтары жұмыс істеуде.

Перейти к новостям спорта