Ол бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Неге неге неге? Үнемі қойылатын сұрақ осы әннің тақырыбы. Жаңа ән! Бағасын беріңіздер. Неге?", — деп жазған өнер иесі.
Алайда, көпшіліктің назары әнде емес, Әбдіжаппар Әлқожа мен бейнебаянға түскен бойжеткеннің сахнасында сияқты.
Желі қолданушылары "Әйеліңіз қалай шыдап отыр?", "Өнер адамының жары болу қиын. Келіншегіңе сабыр берсін", "Неге оны сонша құшақтадың?", "Әйелің бар ғой", "Әйелі клипті қалай қабылдады екен?", "Әйеліне обал" деген сынды пікірлерін жаудыруда.