Әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуов ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуов ұсталды

Әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуов ұсталды

- Ағымдағы жылдың мамыр айында Қ.Сәдуов  № 25 мектептің қасында бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген соң, оқиға орнынан қашып кеткен.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 538
Фото - Caravan.kz

Көп ұзамай әйел алған күйіктерінен ауруханада көз жұмды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабаралады.

Өткізілген жедел-іздеу шаралары кешенінің барысында Астана қалалық ІІД-нің жедел қызметкерлері халықаралық іздеуде болған 43 жастағы Қанат Ғайсаұлы Сәдуовты ұстады.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, Қанат Сәдуов туыстарының жекеменшік үйінің жертөлесінде арнайы жабдықталған бөлмеде жасырынған.


Соңғы жаңалықтар