1) Келемін ой кешіп…
Сен едің сөйлесіп
Бақ ұсынған.
Білемін әуелі,
Жүрегің әдемі
Дауысыңнан.
Сезімге бағындым,
Түспесін қадірлім
Сана мұңға..
Қайтеміз өзгені,
Жүректің сөздері
Жанарымда…
Қ-сы:
Сен деген көңіл үнемі
Сағынатындай, табылатындай бір емі.
Жанарым неге жүдеді?
Ешкім білмейтін, бес күнде өлмейтін сезімді,
Жүрегім ғана біледі!
2) Көңілді сыйласып,
Өмірді кей ғашық
Бір кешеді!
Сезгенім өзіңнен:
Көздерім көзіңмен
Үндеседі.
Сезімге обалы
Өзіңсіз солады,
Гүлдей бес күн.
Сезеді жүрегім,
Жүректің білерін,
Білмейді ешкім…