17 жастағы Айгерім толағай жетістіктерге қол жеткізді, ол — «Мисс Қазақстан» байқауының финалисті, Prima Vera модельдік агенттігінің бетке ұстар қызметкері, Еуразия гуманитарлық институтының студенті, деп жазады Р.Омаров «Экспресс-К» газетінің 09.02.2013 ж. № 24 (17624) санында.
— Менің әкем — инженер-электрик, ал анам — супервайзер. Олар менің модельдік бизнеспен шұғылдануыма қарсы болған жоқ. Бірақ мен үшін оқу бірінші орында бола береді. Сән индустриясының өкілдері менен әлемдік деңгейдегі топ-модель шығады деп отыр. Олардың үміттерін ақтауға тырысамын, — дейді Айгерім.