Әйгерім Ынтыбаева: «Ұлдарым қатардан қалмаса екен...» - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгерім Ынтыбаева: «Ұлдарым қатардан қалмаса екен...»

Әйгерім Ынтыбаева: «Ұлдарым қатардан қалмаса екен...»

Өскемен қаласының тұрғыны 36 жастағы Әйгерім Ынтыбаеваның 4 баласы бар. Тұңғышы егіз ұлдары Ерасыл мен Нұрасылға Даун синдромы диагнозы қойылған. Қазір 12 жастағы егіз ұл былтыр ашылған инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» орталығында оңалтудан өтіп жатыр.

  • 13 Шiлде 2023
  • 4
Фото - Caravan.kz

«Бұл орталық 2022 жылдың қараша айында ашылды, біз бірден осы орталықтың қызметіне жүгіндік. Ұлдарым орталықта түрлі іс-шараға қатысады, көпшіл, ақылды болып өсіп келеді. Биді, музыканы, спортты жақсы көреді. Дефектологтардың да көмегі көп. Ұлдарым қатардан қалмаса екен», — дейді ол.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері іске асқан инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор. Бүгінге дейін 14 оңалту орталығы, 11 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 4 орталық пен 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған.

Бұл игі жобаны облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қамқорлық қоры» КҚ жүзеге асырып отыр. Ал оңалту үшін жолдаманы ата-аналар тұрғылықты жері бойынша орналасқан емханадан ала алады.