Әйгілі "Есіл ағады" әнінің авторы да мәңгілік сапарға аттанды
![]() |
Қазақ мәдениеті тағы бір тарланынан айырылды. Жаңа ғана "Тамшылар " ," Есіл ағады ",т.б. көптеген халықтың сүйікті әндерінің авторы , композитор Ахмедия Есмұханов мәңгілік сапарына аттанды. |
Бұл туралы Әлихан Бәйменов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Ахаң өзінің сұлу сазды әндерімен тұтас бір ұрпақтың жүрегін сұлулыққа тәнті етіп , үйлесімдікке тәрбиеледі, қазақ музыкасы тарихында өшпес із , мол мұра қалдырды. Ардақты аға досымыздың жарқын бейнесін ,аңқылдаған ақ көңілі мен жарасымды сыпайы әзілін енді тек сағынышпен еске алатын болдық.
Көкіректері қарыс айрылып , жүректері қан жылап , бауырлары езіліп отырған жан жары Сәлимаға, ұлы Медет пен қызы Динараға , Болат ағамыз бен Мара жеңгемізге , барша жақындарына қайғыларына ортақтаса көңіл айтамын. Асыл аға , адал досымыздың жаны жәннатта , иманы саламат , жатқан жері жарық , топырағы торқа , арты қайырлы болсын! деп жазды Бәйменов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін