Бұл туралы Әлихан Бәйменов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Ахаң өзінің сұлу сазды әндерімен тұтас бір ұрпақтың жүрегін сұлулыққа тәнті етіп , үйлесімдікке тәрбиеледі, қазақ музыкасы тарихында өшпес із , мол мұра қалдырды. Ардақты аға досымыздың жарқын бейнесін ,аңқылдаған ақ көңілі мен жарасымды сыпайы әзілін енді тек сағынышпен еске алатын болдық.
Көкіректері қарыс айрылып , жүректері қан жылап , бауырлары езіліп отырған жан жары Сәлимаға, ұлы Медет пен қызы Динараға , Болат ағамыз бен Мара жеңгемізге , барша жақындарына қайғыларына ортақтаса көңіл айтамын. Асыл аға , адал досымыздың жаны жәннатта , иманы саламат , жатқан жері жарық , топырағы торқа , арты қайырлы болсын! деп жазды Бәйменов.