Бұл туралы islam.kz жазады.
Жас талант Михаил Осипов небәрі үш жаста болғанына қарамастан, шахматты өте шебер ойнай алады.
“Не нәрсеге қызығасың?” деген жүргізуші сауалына ол, “шахматқа” деп жауап береді.
“Оның қорапшасындағы шахмат тастарының сылдырлағанына емес, жүргеніне қызығамын” дейді вундеркинд.
Жүргізуші сағат уақыты бойынша Карповқа 2 минут, ал Михаилға 10 минут береді. Шахмат ойнау кезінде талантты бала шахматтың теориялық қағидаларын да жатқа соғатындығын көрсетеді. Ол аңызға айналған Карповты ұтуға барынша талпынады.
Уақыт бітуге тақаған кезде, Карпов балаға ұтылып бара жатқанын айтып, тең түсуді ұсынады.
Алайда вундеркинд бұл ұсыныстан бас тартады.
Бірақ, ақыры әйгілі шахматшы жеңіске жетті. Жеңілгеніне өкінген Михаилдың көңіл-күйі барша көрерменді тебіренткен.