Әйгілі нумеролог: Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі нумеролог: Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді

Әйгілі нумеролог: Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді

Танымал нумерологтың пікірінше, Димаш Құдайберген Баян Алагөзованың күйеу баласы болуы тиіс еді. Өйткені Айсәуле мен Димаштың нумерологиялық бағдарламасы бір-біріне сай келеді екен. 

  • 18 Наурыз 2019
  • 5815
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Клара Күзденбаева 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді. Неге десеңіз, Айсәуле 22 мамыр күні дүниеге келген. Бұл — көпсериялы эпопея күні. Ең қызығы, Димаш екеуінің бағдарламасы ұқсас. Ол да әртістік, шығармашылық қабілетке ие. Сондай-ақ, бағдарламасында үш бірдей 3 саны бар, өте талантты қыз. Сабырлы, әділ, ашық, еңбекқор, харизматикаға толы. 

Ең бастысы, Айсәуледе әйел бақыты бар. Сондықтан да бәрі оны жақсы көреді. Ол — ақылды қыз, бірақ сәттілік оның серігі емес. Көптеген адамдарда сәттілік жоқ. Оның анасында да сәттілік жоқ. Сондай-ақ, оның сарапшылық қабілеті өте жоғары", — дейді әр айтқаны дөп келетін нумеролог. 

Клара Күзденбаеваның сөзіне қарағанда, жақында тұрмысқа шыққан Айсәуле сан бағдарламасы бойынша 23 жасында ана атануы тиіс. 


"Ұлды болады", — деп қысқа қайырды Күзденбаева. 

Соңғы жаңалықтар