Айгүл Орынбек: Ақтау екінші Анталья бола алмайды! - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек: Ақтау екінші Анталья бола алмайды!

Айгүл Орынбек: Ақтау екінші Анталья бола алмайды!

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Ақтау қаласындағы қонақ үйлер сервисін қатаң сынға алды.

  • 22 Шiлде 2021
  • 1364
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ақтау екінші Анталья бола алмайды!

Себебі қонақ үй сервисі өте төмен!

Келген қонақ таза бөлмеде жатқысы келеді.

Кез келген қонақ өзінің ыңғайына қарай қонақ үйге орналасады.

Ең бірінші қаралатын клиникама жақын орналасқан қонақ үйді таңдадым.

Екіншіден бөлмем кең, теңіз жағына қарап тұрғанын қаладым.

Емделіп жүріп, теңізге қарап энергия алып өзіме қуаныш сыйлағым келген еді.

Қуанышымның күл талқаны шыққанын ай!😞

Таңда ерте шығып кетіп кешке келсем, бөлме жиналмаған, қолданылған ыдыстар сол күйі шашылып жатыр.

Ресепшнге үш рет звондап жинап кетуін сұрап, әрең жинаттым. Кешке шәй ішейін деп бокалды ала берсем, қолданған бокалды сол күйі жинап қойған екен. Ішінде кешегі ішкен шәй қалдығы қатып қалған. Бөлмеге ең болмаса фейри қойса, өзім жуа салар едім ғой.


Бес жұлдызды қонақ үйдің люкс бөлмесін алып, өзім ыдысын жуып, полын жуып, тазалап кету керек болса оны да істеп кетер едім.

Бірақ неге ақша төлеп тұрып, оның барлығын мен жасауым керек?

Үндемей кетші, ештеңе жазбашы құрсын дейді құрбым!

Неге үндемей кетуім керек? Біз осылай үндемей жүргендігімізден емес пе? Мемлекет артқа кетіп жатқаны!

“Орта Азияда теңдесі жоқ дүние ашылды”, деп мақтана бермей, сервистеріңді дұрыстап алыңдаршы", — деп жазды Айгүл Орынбек.