Айгүл Орынбек Ақтауда 3 баласымен бірге өзіне қол салған ер азамат туралы: Бүгінгі өлім жемқорлардың мойнында! - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек Ақтауда 3 баласымен бірге өзіне қол салған ер азамат туралы: Бүгінгі өлім жемқорлардың мойнында!

Айгүл Орынбек Ақтауда 3 баласымен бірге өзіне қол салған ер азамат туралы: Бүгінгі өлім жемқорлардың мойнында!

Кеше ғана "Маңғыстау облысында ер адам үш баласымен қоса асылып өлді" деген ақпарат шыққан болатын.

  • 14 Желтоқсан 2022
  • 6231
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Astana tv" арнасы хабарлаған болатын.

Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында өз ойын жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бір қатынның кесірінен төрт адам бірдей опат болды": Журналист Тоқтар Жақаш Ақтауда 3 баласымен бірге өзіне қол салған ер азамат туралы

“Бұндай қиыншылықты көргенше, ұрпағыммен кете салғаным дұрыс “,-деп шешім қабылдаған шығар. Кім біледі?! Енді оның бәрі бір Аллаға ғана мәлім.

Жалпы адамды қаралағанға ұстамыз ғой. Бірақ мына оқиға ешкімді ақтауға да келмейді!

“Екеуінде де тұрақты жұмыс болған”, деп кімдерді ақтап алғыларың келіп жатыр?

Тұрақты жұмысы болған 40 қа жақындаған еркекте неге баспана жоқ?

Үш баласымен неге пәтерде өмір сүрген?


Отбасылық кикілжің не үшін болған? Әйел не үшін ажырасқысы келген?

Бұның бәрін зерттеп, зерделеп жатқан біздің идеологиялық отбасылық институт жоқ!

Мұнайдың үстінде отырып, азғантай ғана халқымызды баспанамен қамтамасыз ете алмай отырмыз!

Банктердің жағдайын жасап, оларға жыл сайын миллиардтап қайтарымсыз ақша салғанша, сол миллиартдтарды халықтың есеп шотына салғанда, халық бұлай баспанасыз жүрмес еді!

Әрине тұрақты баспанасы жоқ, отбасыда кикілжің, ұрыс керіс болады!

Қу қымбатшылық, бәрінің жанына батып барады.

Тұрақты жұмыстың бар болғанын қайтеміз, алып отырған айлығы, тамақ пен пәтер ақыға жетпей жатса?

Бүгінгі өлім, отыз жыл бойы жүйені шіріткен жемқорлардың мойнында!

Қан жібермейді! Әсіресе жас қан!!!

Үкімет ОЯН!", — деп жазды Айгүл Орынбек.