Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы!
Тик-ток желісін бақылауға алуыңызды сұраймын!
Түнгі сағат 12-00 бастап таңғы 06:00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде!
Өздерінің салт- дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады!
Тек қыздар емес ер жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды.
Тик-ток желісін жастар көп қолданады. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек!
Сол себепті тик-ток желісін бақылауға алыңыздар!
Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп,ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық", — деп жазды Айгүл Орынбек.