Ол Facebook желісіндегі парақшасында белгілі саясаткер Ермұрат Бапиге өз датын айтты, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"“Елім деген боқтампаз қызыңызды ”, ауыл халқы неге жақсы жағынан танымайды Бапи аға?
Ермурат Бапи аға, “ әкім, министрлердің алдына кіріп жүрген Шымкенттегі Айгүл Бадам да не жоғалтыпты” сұрау салыпсыз жауап берейін!
Мен тек Шымкенттің емес, қазақтың қызымын!
Халық көмек сұраса сіз сияқты мен де көмек беруге құқығым бар!
Әкеңмен жасты кісі зейнет жасына бір жыл қалғанда, әділетсіз жұмыстан қуылса, үндемей отыруым керек пе?
“Қызым ау қанша жыл жинаған еңбегім осылай статьямен қудаланып кете берем бе?”, деп хабарласқан да үн қатпай қарап отыруым керек пе еді?
Алматыда жатып сіз жазып жатқанда, көз алдымда болып жатқан әділетсіздікті көріп отырып мен неге үндемеуім керек?
Әлде тек “Боқтампаз қыз” ақталып қалғандары сеніңкі дұрыс деп үндемей отыру керек пе?
Оңтүстіктің жағдайын Алматыдағы сізден гөрі мен жақсы білемін .
Себебі әкімдердің есігінен гөрі, халықтың ішінде үнемі жүрмін!
Ұлжан қызды жергілікті шенеуніктермен күресіп жүрген қаһарман қылып көрсетіпсіз. Осы уақытқа дейін ауылы үшін шырылдап шенеуніктерге дат айтқанын естімегеніміз үшін сізден кешірім сұраймын! Қай жерде екен жол, су сұраған видеолары, жазбалары? Бадамның шенеуніктерін бір шыбықпен айдап жатқанын көрсем, артымнан ерген сіңілім ғой деп арқасынан қағып қолдар едім. Халықты оның ішінде әлсіздерді басынып, бәрін заңмен ұстап жүрмін деп полициямен қорқытып, ақшаларын алып, қорлауды қаһармандыққа теңегеніңізге сөз таппай отырмын!
Мәселе оның боқ ауыз айтқанында емес, өз қателігін мойындамай, әкесіндей адамды қорлағанында! “Әділдіктің туын алып жүрмін”, деп дат айтушы едіңіз, жасы келіп зейнеттің қызығын көремін деген ер азаматтың көз жасы, қаншама жас қыздардың, аналардың жан айқайлары сіз үшін жәй бос әңгіме ме?
Оған қарсы шенеуніктер жұмыс істеп жатса, осы уақытқа дейін неге бәрін тығып отыр, неге келіп маған бәрін ашып-ашып айтпайды?
Айтары бар адам болса, 800 шақырым жерге сізді іздеп бармай -ақ, осында суицид жасаған кезде емханасынан табыла кеткен журналист, блогерлерге барлығын жайып салар еді ғой!
Шенеуніктердің жемқорлығын ашатын адамды мен қолдаймын, ал оларды бопсалап өз пайдасына ұстап халықты қанайтын адамды жақтай алмайды екенмін!
Бадам ауданында жергілікті жерде шенеуніктерге датын айтып жүрген бірақ қаһарманды білем ол артымнан өсіп келе жатқан Руслан Құдияров. Русланның ауыл үшін жерді де, суды да, жолды да сұрап жүргенін көріп жүрмін!
“Жемқорлыққа батқан Қазақстан”, деп ұрандап жүріп, Бадамдағы оқиғаларды жәй ғана былшыл депсіз! Осындай ауыл аймақты былшыл мен былыққа батырған қаламы сатылатын саудагерлердің арқасы екенін білсеңіз ғой аға!
Қарапайым халық мені жетіскенінен іздемейді, осындай былшыл беттерді қолдайтындардың кесірінде іздейді!
Боқтампаз қарындасыңыздың былшылын суреттеп отырып әдемі жеткізіпсіз, ауыл халқының ДАТын жеткізу құныңыз қанша тұрады аға, мен ақ төлейін!
Бадам халқының да ДАТын бір шығарыңыз", — деп жазды Айгүл Орынбек.