Айгүл Орынбек "Гарант 24" ломбардына алданғандар жайлы: “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек "Гарант 24" ломбардына алданғандар жайлы: “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар

Айгүл Орынбек "Гарант 24" ломбардына алданғандар жайлы: “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек "Гарант 24" ломбардына алданғандарға еш жаны ашымайтынын жайып салды.

  • 24 Ақпан 2020
  • 3608
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалқау, арам тамақ, еріншек, жатып ішер десе тағы ренжиді!
Ломбардқа ақша салдым, көбейтіп алғым келді. Енді ломбардта жұмыс істейтін жігіттер, ақшамызды алып қашып кетті. Билік солардың сөзін сөйлейді деп, “қорқып отырмыз” -деп хабарласушылар көбейіп кетті. Ақша саларда билік маңдайыңа пистолет тақап тұрды ма? Биліктен сұрағанда, талап еткенде бәледей білгішсіңдер! Енді неге ақша салғанда білмей қалдыңдар!? Менің түкте жаным ашымайды салымшылар сендерге! Оңай пайда табамын, дегендерге “сауап болған” ! Менен көмек сұраудың қажеті жоқ! Мен әрбір эфирімде жазбамда, сіздерге ескертіп отыратынмын! Енді анау жарнама жасап жүрген әнші, спортшыларыңнан талап етіңдер! “Біз митингке шығамыз”- деп маған доқ көрсетудің де қажеті жоқ! Қолдарыңа біз “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар! Мектептегі бала емессіздер кәмпит берсе алданып қалатын! Барлығыңыз үлкен азаматсыздар! Тек ғана жеңіл жолмен пайда табуды ойлаған! Жұрттар салып жатқан соң салдық, деп ақталудың да қажеті жоқ! Жұрттар жардан құлап өліп жатса барып құлап өлесіңдер ме!? Қазақтар осыншалықты қараңғысыңдар ма?", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Орынбек Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ретінде көпшілікке беймәлім. Қоғам белсендісі
Facebook
желісіндегі парақшасында түрлі тақырыптағы жазбалар жазып, көптеген мәселелерді шешіп жүрген заңгер арқылы көпшілік қауымға белгілі.

Соңғы жаңалықтар