Айгүл Орынбек: Секталарға кіріп алып, әрбір қазақ жалмауызым дейтін деңгейге жеттік - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек: Секталарға кіріп алып, әрбір қазақ жалмауызым дейтін деңгейге жеттік

Айгүл Орынбек: Секталарға кіріп алып, әрбір қазақ жалмауызым дейтін деңгейге жеттік

Қоғам қайраткері Айгүл Орынбек сәләфизм тақырыбын 7 жыл бойы жазып келе жатқанын айтты.

  • 10 Қазан 2019
  • 142
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жоғарыда қандай ағымдардың (секта) арпалысып жатқанында жұмысым жоқ! Бірақ қазақ, қазақ болып қалу керек!
Сәләфизм жайлы кеше ғана жазғаным жоқ, жеті жылдан бері қозғап келе жатқан тақырыбым!Бахавизм яғни қәзіргі сәләфизм жайлы көп қозғауымның себебі, менің шәкірттерім алғашқы опық жегендердің бірі. Жалындап, жайнап тұрған, жастардың көз алдыңда өшкенін көрген қандай қиын екенін білсеңіздер ғой! Ешкімнің басына бермесін, солардың елге кіруіне жол берген адамдардың ұрпағы жақсылық көрмесін!
Ұлттың жойылуына, "Отырардың қақпасын ашып бергендей", есік ашып берген адамдар оңбасын! 
Ия, бізде неше түрлі ағымдар көп. Құраниттер, зікіршілір, нұршылар, сопылар, сәләфиттер міне біздің тепсе темір үзетін жігіттердің кіріп жүрген косяктары! Ешқандай ағымға кірмей елге қызмет етіп, біліммен, ғылымға ұмтылып мемлекетті дамытудың орнына, жүргендері сол әркімге табынып, қуып! Бұл мемлекеттегі басқару институтының жүйесі дұрыс құрылмаған. Халықты ағымдарды кіргізу арқылы, қараңғыда ұстау. Топас, зомби халықты алдау оңай болу үшін, осындай секталарға жол беру! Бұл бір сетевой маркетинг біле білсеңіздер. "Бір адам әкелсең, пәленбай бонус көресің"- деген сияқты алаяқтық басқару! Отыз жылдың ішінде әрбір қазақ жылғызым дейтін қазағым, секталарға кіріп алып, әрбір қазақ жалмауызым дейтін деңгейге жеттік! 
Ұлттық құндылықтарды бұл жүйе түбімен жойды! 
Күресіп жүргендердің қанатын қырқып, тұншықтырды. Көк экранды арзан шоу мен эротикаға толтырып, мемлекетіміз педофилдерге толды. 
Бұл елде идеологтар, әлеуметтанушылар жұмыс істемейді. Бізде мықты мамандар дұрыс бағаланбайды. Креслода өңкей интригант, парақор, жағымпаздар отыр. Егер идеологтар жақсы жұмыс істегенде, бұл ағымдардың біреуіде біздің елде болмас еді. Көрші Өзбекстан елі сияқты "тілім", "ділім", "отаным"- деп жүрер едік!
Ал мынау бір-бір секталарға кіріп алған, ел алдында жүрген ағаларға айтарым! 
Миларыңызды шайыңыздар, ояныңыздар елді, жерді қорғайтын уақыт келді. Қандай ағымға кірсеңде, құдай сені қазақ қылып жаратты, қазақ қылып алады! 
Құранда Алла ұлтыңды " сат" демеген", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхамеджан Тазабеков Қытай елінен емес, Құдайдан қорқу керек екенін айтқан болатын. "Асыл арна" телеарна басшысының осы сөзін түртіп көпшілік қауым оны сынап тастаған еді.


Сәуле Әбілдаханқызы Мұхамеджан Тазабековты "қазақтың жауы" десе, ал дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Тазабековтың бұл ісін жағымпаздыққа балады.

Соңғы жаңалықтар