Айгүл Орынбек Шыңғыс Мұқан туралы: "Қолыңда билік бар кезде ештеңе көрмей, қолыңнан билік кеткенде неге әділдік сүйгіш джентельмен болып шыға келдің?" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек Шыңғыс Мұқан туралы: "Қолыңда билік бар кезде ештеңе көрмей, қолыңнан билік кеткенде неге әділдік сүйгіш джентельмен болып шыға келдің?"

Айгүл Орынбек Шыңғыс Мұқан туралы: "Қолыңда билік бар кезде ештеңе көрмей, қолыңнан билік кеткенде неге әділдік сүйгіш джентельмен болып шыға келдің?"

Заңгер Айгүл Орынбек бұрынғы Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан туралы пікір білдірді.

  • 9 Қаңтар
  • 2387
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Билік қолыңда кезінде, біз сияқты ақиқатты айтып жүрген белсенділерді “төңкерішшілер”, деп жақтырмай жүрген едің Шыңғыс Мұқан!

Енді мына Елден шындық іздеймін дейсің бе?

Билікке қарсы шыққан адамды қолдауың, билікке қарсы шыққанмен тең емес пе?

Біз әділдік іздеп, жергілікті биліктің қателігін айтып алдыңа барғанда неге бізді осылай қолдамадың?

Сен сонау Америка , шет ел көрген Болашақкер ретінде Ипподромды неге сақтап қалмадың?

Кез-келген елге барсаң өздерінің көне қалаларының тарихи жерлерін көрсетіп экономикасына пайдасын тигізеді. Экономикалық пайдадан бұрын, ипподром Асанбай Асқаровтың көзі, тарихи экспонат ретінде сақталу керек еді ғой! Ал сен не істедің? Сенің қолыңда билік бар кезде, сен де бұл елдің бір бөлшегін ойрандадың!

“Жоқ, мен ойрандаған жоқпын”, деп айта алмайсың, себебі мына жемқорлыққа қатысты оқиғаның барлығы саған тікелей бағынышты басқармаларда болды.

Бүкіл бір мегаполистің идеологиясын басқарып отырып, пандемия кезінде 600 миллионға наурыз тойлап мәдениетті ойрандадың!

Білімдегі миллирдттаған жемқорлыққа қатысты қылмыстар қәзір біртіндеп бәрі ашылып жатыр. Миллиондап жеп, миллиондап айыппұл төлеп жатқандар да сенің басқарған уақытыңда!

Медицина жақтағы былықтар, дәрігерлер арасындағы даулар, әлемге тынамал хирург Абылай донбай Президентімізден көмек сұрауға дейін жетті.

Сөйтіп отырып сен әділдік жайлы жазып отырсың ба?

Әділдік демекші сен басқарып отырған уақытта, Шымкентте бір емес екі әйел күйуенің қолынан қаза болды, шырылдап әділдік іздегенімде неге хабарласпадың? Енді келіп зорлық-зомбылыққа қарсы күрескіш эксперті болып шыға келіпсің?Осы арна басшыларына сұрақ!

Эксперт шақыратын кезде оның несіне қарайсыңдар? Билікке қарсы адамдарды қалайша экран бетіне шығарасыңдар?

Төрт жүз әйелдің екеуі, Шыңғыс Мұхан

Шымкенттің идеологиясын басқарып отырған уақытта өлген!

Шыңғыс, негізі сен жайлы жазатын дүние өте көп, тіпті роман жазуға болады.

Қолыңда билік бар кезде ештеңе көрмей, қолыңнан билік кеткенде неге әділдік сүйгіш

джетельмен болып шыға келдің?

Марат Жыланбаев сені төшні жүгіруге үйретті ме, хамелеондар сияқты түрленуге үйретті ме?

Ел басшысына хидаят берсін дейсің бе?

Шыңғыс Мұқан хидаятты сен сияқты көсемдерге берсін!

Президент жанынан хамелеон жүзді тұрақсыз көсемдер азайсын!"

Соңғы жаңалықтар