Айгүл Орынбек Фейсбуктегі парақшасында бірден бұл әншіні елден қууды талап еткен, деп хабарлайды Caravan.kz.
Блогер Сон Паскальды жақында берген бір сұхбатында күллі қазақ қыздарының намысына тиді деп есептейді.
"Мұндағы қыздар қымбат көлігіңе, қалтаңдағы ақшаға назар аударады екен. Олар үшін аталған дүниелер өмірдің ләззаты сияқты. Мен бірақатар «ағашкалардың» әйелдері бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мен олардың арасындағы секс дұрыс емес деп ойлаймын" депті Италиядан келген бомж!" деп жазады А.Орынбек.
Әншінің әлгі сөзіне қатты ызаланған блогер һәм заңгер оны одан әрі де аямай сыбап салыпты.
"Қашанғы қазақ қыздарының ар-намысын жерге таптатып қарап отырамыз? Сонда Паскаль барлық ағашкалардың əйелімен жатып көріп пе? Неге айдаладан келген келімсек біздің қыздар жайлы əңгіме айтады? Секс керек деп ойлаймын депті. Оның ойы кімге керек, айтыңдаршы? Кезінде Борат қазақ қыздары жайлы аузына келгенін құсып кеткен еді? Енді Италиядан шыққан бомждың сөйлегені қалып еді? Бүкіл қазақ қыздарының атына əңгіме айтатындай кім бұған рұқсат берді? Елден қуылсын! Елге кіргізілмейтін болсын! Бүкіл əлем білсін не үшін елден шеттетілгені жайлы. Сол кезде басқалар біздің қыздарға жақ ашпақ түгілі, қарап демалмайды да!" дейді А.Орынбек.
Естеріңізге салсақ, Сон Паскаль өткен аптада " The Эфир" жобасында сұхбат беріп, онда қазақ қыздарының қымбат көлік пен қалтаға қарайтыны туралы айтқан еді.
Айта кетейік, италиялық әнші Қазақстанда 2012 жылы таныла бастады.