Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Полицияны жинап, халықты ұрып, соғуға шақырып, уағыз айтып лекция оқығанда, делебең қозып тұрып биліктің тілінде сайрап едің?!
Халқың шыбындай қырылып жатқанда, Айнұрға жыр айтуға шамаң келіп, билікке дат айтуға қорықтың ба?
“Тығып отырған дәрі-дәрмекті шығар”- деп неге айтпайсың ?
Тәжіктерге беретін демді, өз ұлтыңа бер деп неге сайрамайсың?
Халықтың осылай дем жетпей өлуіне, хан жанында жағымпазданып жүрген сендер де кінәлісіңдер!
Қолыңа қару ал демеймін, қолыңа Алла домбыра берді, халықтың үнін жеткіз деп!
Харам деп тастаған домбыраңды қолыңа қайта алыпсың Айнұр қызға жыр айтуға! Билікке даттыңды айтып неге шықпадың?!
Асыл арнаңды” ашып алып, жастарды улағанша, “Емдік” арна ашып, халқыңды емдегенде, ұлтыңа пайдаң тиер еді.
Алланың нұрына, халқыңның алғысына шомылар едің!
Қазақ қыздарын барынша, орандырып, үнімізді өшіруге барынша тырысып едіңдер!
Елдің басына жұт келген де “Қазақ қыздары” халқына дем беріп, өмір сыйлады!
Ұлттың, ұрпақтың жойылмауына қолдарына қылыш пен қамшы алған тағы да сол қазақтың қыздары!
Ал сендер қолдарыңдағы соңғы қамшыларыңды да қыздарға беріп қойдыңдар!
Бұдан кейін ел алдына шығып сайрамай ақ қойсаңдар болады!
Елдің басына қара күн туғанда ашылмаған жақ, бұдан кейін сайрамай ақ қойса дұрыс болар еді", — деп жазды ол.
Естеріңзіге сала кетейік, Мұхаммеджан Тазабеков бірнеше күн бұрын халыққа көмек беріп, Түркиядан Қазақстанға тыныс алу аппаратын жеткізіп жүрген Айнұр Тұрсынбаеваға өлең арнаған болатын.