Айкерім Қалаубаева - Алма, Алма әнінің сөздері - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айкерім Қалаубаева - Алма, Алма әнінің сөздері

Айкерім Қалаубаева - Алма, Алма әнінің сөздері

Әні: Юлдуз Усмонова 

  • 29 Мамыр 2020
  • 1052
Фото - Caravan.kz

Сөзі: Мұқағали Кенжетай

қайырмасы:
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма берген қолдарымнан,
Айналайын дермісің.

1) Ажарыма алмадай,
Қарадың ба таңдана-ай.
Мінезіме әр қалай,
Шыдап жүрсің сен қалай?

қайырмасы:
Ай, ай менің жүрегім,
Жүрегіммен тіледім.
Ай, ай менің жүрегім,
Жүрегіммен тіледім.
Сенде менің қалауымды,
Біліп жүрсің, білемін…

2) Әлі тағы ойланам,
Теңімсің ба сай маған,
Жүрегіме ұнасаң,
Менде саған байланам.

Қайырмасы:

Мен кетемін, көріп қал,
Шын ұнатсаң еріп бар,
Мен кетемін, көріп қал,
Шын ұнатсаң еріп бар,
Жүрегіме жол тауып,
Маған сыңар болып қал…



қайырмасы:
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма берген қолдарымнан,
Айналайын дермісің.