Айкерім Қалаубаеваға 101 роза сыйлаған кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айкерім Қалаубаеваға 101 роза сыйлаған кім?

Айкерім Қалаубаеваға 101 роза сыйлаған кім?

Карантин көпшілікті бір-бірімен жақындастырғандай. Эстрада жұлдыздары өз жартыларын тауып, халықтан сүйінші сұрауда.

  • 21 Мамыр 2020
  • 317
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жуырда Мөлдір Әуелбекова екі дүркін орамал тағып, Шымкентке келін болғанын сүйінші сұрап хабарлаған болатын. Күні бүгін Алтынай Жорабаева да өз сүйіктісін тапқанын мәлімдеді.

Айкерім Қалаубаеваға жүрегін ұсынып жүрген азамат бар секілді. Әнші инстаграм әлеуметтік желісіне видео, сурет жүктеп, жазба қалдырды.

"Махаббат қайда деме – жүрегіңде,
Шапағат қайда деме – тілегіңде.
Берекем қайда деме – отбасында,
Мерекем қайда деме – көп қасында.
Ай, Күнім қайда деме – аспаныңда,
Байлығым қайда деме – бас жағыңда,
Қайғы, мұң қайда деме – қас қағымда.
Тірлігім қайда деме – таң атқанда,
Ырзығым қайда деме – Жаратқанда." 

Желіде оқырмандар әншіге:


"Бақытты бол Айкерім", "Карантин ұнап жатыр жұлдыздарға", "Өз теңдерін тауып жатыр бәрі, Айкерім сенде бақытты бол" —деген пікірлер жазуда.

Соңғы жаңалықтар