«Айкөне» деп аталатын жаттығуды бір мезетте 500 студент жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Айкөне» деп аталатын жаттығуды бір мезетте 500 студент жасады

«Айкөне» деп аталатын жаттығуды бір мезетте 500 студент жасады

«Қара жорға» билеп танымал болған Мақсұт Нәрікбаев тағы да таңғалдырды! Екі жыл бұрын саясатпен қош айтысқан «Әділет» партиясының бұрынғы төрағасы бұл жолы ежелгі қазақ жаттығуын жасады.

  • 4 Қазан 2013
  • 864
Фото - Caravan.kz

Бой жазып буын босатқан Мақсұт Нәрікбаев қазір өзі құрылтайшысы болып табылатын Астанадағы Заң университетінің ректоры. Саясаттан кеткенімен тыныш жатқан ол жоқ. 500 студентін далаға ертіп шығып ежелгі «Айкөне» деп аталатын жаттығуды жасады. Айта кетейік, «Айкөне» — омыртқа, буын ауруларын жазатын таптырмас жаттығу. Мәселен, атақты зілтемірші Илья Ильин Бейжіңдегі Олимпиададан кейін алған жарақатынан осы жаттығу  арқылы құлан-таза айығыпты. Қимыл-қозғалыстары байырғы қазақ руларының таңбасына ұқсас екен. Өшіп бара жатқан «Айкөнені» отанында  қайта тірілткендердің бірі Абай Баймағанбетов. Автордың арманы «Айкөнені» үлкен кіші жаппай билейтін «Қаражорғаның» деңгейіне көтеру.


Абай Баймағамбетов, «Айкөне» жаттығуының авторы:

— Емдік шипасы мол жаттығуды Қазақстанға 15 жыл бұрын әкелдім. Осы жаттығулардың біраз сырқат жанның аяғынан тік тұруына жәрдемдескенін мақтанышпен айта аламын.