Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты

Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты

Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

  • 1 Ақпан 2022
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр", — деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.