«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының жаңа қойылымында қазіргі заманның бейнелері сомдалады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының жаңа қойылымында қазіргі заманның бейнелері сомдалады

«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының жаңа қойылымында қазіргі заманның бейнелері сомдалады

18 қарашада Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Айман-Шолпанның» жаңа қойылымының тұсаукесері өтеді.

  • 15 Қараша 2010
  • 1062
Фото - Caravan.kz

Әзілмен әрленген бұл музыкалық комедияның басты ерекшелігі — заманның үрдісіне орайластырылып, жаңартылған. Шығарманың мазмұны өзгертілмей, тек оны сахналау тәсілі толықтырылған. «Бұл қойылымның кейіпкерлері жаңа заманның бейнелерін сомдайды. Атап айтсақ, М.Әуезовтың классикалық кейіпкерлері — Айман мен Шолпан бүгінгі заманғы «олигархтың» ерке қыздарына, Әлібек зиялы қауым өкіліне, Арыстан мен Көтібар «жаңа қазақ» бейнесіне айналмақ. Қойылым әдеттегідей ән мен биге толы болғанымен, оның көрерменге жеткізу тәсілі заманның тынысына орайластырылып, өзгертілген»,- дейді аталған қойылымға қатысушылар.

М.Әуезов халық ауыз әдебиетінде қазақ қызы Айманның бейнесі арқылы ізет-инабатты, кең пейілділікті, тапқырлықты, күш-қайратты суреттеген еді. Сондай-ақ көрермен бұрынғы қойылымдардан оқиға желісімен қатар, қазақ халқының салт-дәстүріне көріп, классикалық әуендерін тыңдаған болатын. Ал бұл қойылымда көрермендер айтыстың, бидің бүгінгі өзгерген стилін тамашалай алады. Атап айтқанда қойылымдағы әндер жаңадан жазылған, оның композиторы — Қайрат Тоқымбетов, қоюшы режиссері — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.