«Біздің алғашқы шешім- комиссия құру, оның құрамына барлық мүдделі тараптар кіретін болады, меніңше екі үш аптада нәтиже шығаруға мүмкіндік бар»,-деді «Аймақ» тобының жетекшісі , мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева. Комиссия 2-3 күн аралығында толық жасақталмақ.
Отырыс барысында, депутаттар «Қазпоштаның» тариф саясатына қатысты бірқатар келіспеушіліктерін білдірді, атап айтқанда , халық қалаулылары бағаның қалыптасу жүйесін сынға алды. Олар «Қазпошта» мемлекеттік компаниясының мерзімді басылымдарды жеткізу және тарату тарифтерін төмендетуге қатысты біраз ұсыныстарын жасады.
Сонымен қатар, Д.Назарбаева пошта саласын қайта қалыптастыру тұжырымдамасын жасау жөніндегі жұмысшы топ құрамына депутаттар мен БАҚ өкілдерін кіргізуді ұсынды.
Айта кетейік, жуырда Д.Назарбаева премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған, онда ол «Қазпошта» АҚ қызметтеріне тарифті қалыптастыру және реттеуге қатысты мәліметтерді беруін сұраған; пошта операторларының қызметтерін атқару үшін құзыретті органдарға қанша лицензия берілді, «Қазпошта»АҚ-ның осындай қызметтер нарығындағы үлесі қандай деген сауалдар тастады. Депутат «Қазпошта» АҚ жұмысын жақсарту мақсатында және оның қызметінің халыққа жетуі үшін, сонымен қатар «Қазпошта» АҚ ұлттық операторының , басқада пошта операторларының жұмысын жетілдіру және реттеу мәселелеріне қатысты үкіметтің қандай шара қолданатындығы туралы ақпаратты да сұрады.
Кеше «дөңгелек үстөл» барысында үкіметтің берген жауабы жария етілді, онда пошта қызметі нарығында өзге де компаниялардың бар екендігі, бірақ «Қазпошта» АҚ монополист екені (2005 жылы 82% ) айтылған. Жалпы тиісті лицензия 57 операторға берілген.
Бағаны қалыптастыру мәселесі бойынша, премьер министрдің қолы қойылған үкімет жауабында былай делінген: «мерзімді басылымдарды тарату қызметі бәсекелес нарықтың талабына сай жүргізіледі , соған байланысты бұл қызмет тарифтері реттелмейді». Мерзімді басылымды даналап сатқанда «саудаланатын бағасын, жеткізу шығындарына қарай, аймаққа тән ерекшеліктерін ескере отырып және басылымның шығу құнына байланасты, яғни өз құнынан 15 пайыздан 25 пайызға дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ облыстық филиалдары жеке белгілейді.
Үкімет жауабында көрсетілгендей, «Қазпошта» АҚ жұмысын жетілдіру мақсатында «Самұрық» холдингі орталықтандырылмаған газет басып шығаратын бөлімдер жүйесін кеңейту жөнінде ұсыныстар жасады , оны қазір мәдениет және ақпарат министрлігі мен ақпараттандыру және байланыс агенттігі қарастыруда. Сонымен қатар, «әлеуетті бәсекелі қызмет көрсету секторын бөле отырып, халыққа әмбебеп пошта қызметін көрсету мәртебесін реттеу» арқылы пошта саласын қайта құру тұжырымдамасын жасау жоспарда бар.
Бұл ретте «шығынды қызметтерді екі жақты қаржыландыру деңгейін төмендету көзделіп отыр, бұл жазылыммен таратылатын басылымдарды халыққа жеткізу қызметінің тарифін төмендетуге мүмкіндік береді».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті