Жарияланды: 1400

Аймақтарда Балаларды қорғау күніне арналған шаралар басталды

Қазақстанның аймақтарында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Астанада маусымның 1-і мен 3-і аралығында ҚР білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған балалардың «Таң Шолпан» республикалық музыкалық байқауы өтеді. Оған жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың білім ұйымдарынан 150 орындаушы мен музыкалық ұжымдар қатысады. Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен сағат 10:30-да орталық мәдениет және демалыс бағында басталады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама бойынша «Мейірім» балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті, «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының қорытындысын шығару жоспарланған. Сонымен бірге, бақта «Сезам» қуыршақтар театры мен мемлекеттік қуыршақ театрының және «Тамаша» би ансамблінің концерттік бағдарламасы өтеді. Павлодардағы тілшіміздің хабарлауынша, 1 маусымда балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. «Балаларды қорғау күні бүлдіршіндер таксиден басқа қоғамдық көліктердің бәрімен тегін жүреді. Бізде 50 мың оқушы бар, олардың бәрі автобуспен, трамваймен, шағын автобустармен тегін жүре алады», - деп хабарлады ТКШБ көлік секторының меңгерушісі Марат Асылбеков. Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Петропавл қаласында 1 маусымда «Звонок милосердия» қайырымдылық акциясы басталды, 50-07-88 номеріне қоңырау соққан әр адам жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсете алады. «Акция бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні басталды», - деп хабарлайды балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент. «Қайырымдылық акциясының шеңберінде бір рет қоңырау соғудың құны 350 теңге тұрады. Жиналған ақшаның бәрі мұқтаж балаларды емдеуге, оларға материалдық көмек көрсетуге жұмсалады», - деп хабарлайды департамент. Еске сала кетейік, Қазақстанда 5 млн-ға жуық бала бар. Оның 3 млн-ға жуығы – мектеп жасына дейінгі балалар, 2,5 млн – мектеп жасындағы балалар. Халықаралық балаларды қорғау күні халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының 1949 жылдың қараша айындағы шешімімен өткізіледі. Оның бүкіл әлем 1950 жылдан бері жаздың алғашқы күні атап өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть