Аймақтарда жұмыс істемеген мемқызметкерлер орталық ведомстволардағы лауазымды қызметтерге жіберілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аймақтарда жұмыс істемеген мемқызметкерлер орталық ведомстволардағы лауазымды қызметтерге жіберілмейді

Аймақтарда жұмыс істемеген мемқызметкерлер орталық ведомстволардағы лауазымды қызметтерге жіберілмейді

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер аймақтарда жұмыс тындырып келмейінше, орталық ведомстволардағы лауазымды қызметтерге жіберілмейді.

  • 25 Қараша 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі таңда ҚР Парламентте талқыланып жатқан «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның жаңа редакциясында осындай нормалар бар.

Бұл туралы кеше, Астанада ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің бесінші форумында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Болашақ» ассоциациясы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек мәлім етті.

«Департамент немесе комитет басқарамын деп талпынған әрбір маманда аймақтарда жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Яғни, мансабын ойлаған, еліне қызмет етуді шын мақсат еткен әрбір маман міндетті түрде аймаққа өз еркімен барады. Себебі аймақтық тәжірибесіз олардың мансабы өспейді», — деп атап өтті ол.

Б.Байбектің ақпараты бойынша, «Болашақ» стипендиясының 5 мыңнан астам түлегі ішінде 500-ге жуығы аймақтарда еңбек етіп жүр. Бұл көрсеткіш енді тек өсе беретін болады.

«Қазір біз тек оларға ұсыныс ретінде ауыл-ауылдарға баруға, елді танып келуге, өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға кеңес береміз. Бірақ бұның барлығы жаңа заңда жазылатын болады», — деді Б.Байбек.