Жарияланды: 390

Аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесі талқыланды

ҚР экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесін талқылады, деп жазыпты премьер-министр Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

«Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткіздім. Ауыл шаруашылық пен индустриалдандыру мәселелерін қарадық», - деп жазылған жұма күні К. Мәсімовтың Twitter-дегі парақшасында. Ал pm.kz сайтындағы блогта мемлекеттік комиссия аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелерін талқылаған. «…Аймақтарды 2011 жылы азық-түлік бидайымен қамтамасыз ету бойынша ақпаратты тыңдадық», - деп жазыпты премьер-министр блогында. Оның ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, ірі инвестициялық және индустриалды жобалардың жүзеге асырылу барысы мен Алматыдағы «Сайран» мегаауданының құрылысын аяқтау мәселесі қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін